• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2018

Астанадағы балалар үйіндегі өрттен бір адам зардап шекті

332 рет
көрсетілді

Астана қаласының Сейфуллин 67 мекен жайында орналасқан балалар үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт ғимараттың үшінші қабатынан шыққан. Шамамен Астана уақыты бойынша 12:15-те басталған. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 15 минуттан кейін келіп, өртті сөндірді. Балалар үйінің тәрбиеленушісінің айтуынша, аталған бас корпуста жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

«Бір адам иіс тиіп, зардап шекті. Қазір оны жедел-жәрдем қызметкерлері №1 қалалық ауруханаға алып кетті. Жағдайы орташа», деді Апаттар медицинасы орталығының қызметкері Нұрбек Нұрғали. 

Өрттің шығу себебі жайлы нақты ақпарат жоқ. ТЖҚ өкілдерінің мәліметінше балалар қауіпсіз жерге көшірілді. Ал мекеме басшысы журналистерге пікір білдіруден бас тартып отыр.