• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2018

Бақытжан Сағынтаев «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

346 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды, сондай-ақ «Ұлттық инвестициялық стратегия» бағдарламасы аясында инвесторларды тарту бойынша компанияның қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының АҚШ, БАӘ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия және басқа елдерге сапарларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға басымдық беріледі.

Осы мақсатта «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Компанияның бес басымдықты елде қатысуын күшейтеді: АҚШ, Қытай, Германия, Франция және Түркия, онда шетел инвестицияларын тартуда көпжылдық тәжірибесі және баратын елдердегі бизнес қауымдастықтармен тығыз байланыстары бар атақты бизнесмендер жұмысқа тартылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту үшін елдің инвестициялық ахуалына қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау жүйесі қалыптастырылды.

Бұдан өзге, отырысқа қатысушылар ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді талқылады. Компания құрылымын оңтайландыру туралы шешім қабылданды – басқарушы құрамның саны 2 еседен аса қысқарды, департаменттердің саны 2 есеге азайды, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ штатының жалпы саны 10%-ға азайды.