• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2018

Сыртқы істер министрі Еуропалық Одақ елшілерімен ынтымақтастық жоспарларын талқылады

296 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың елімізде аккредиттелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен өткізген жұмыс кездесуі барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қорытындылары, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Сыртқы саясат ведомствосы басшысының ЕО елдерінің елшілерімен кезекті жұмыс кездесуінің күн тәртібі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін қамтыды.

Министр өз сөзінде Еуропалық Одақ елдерінің белсенді қатысуларымен өткен, өткен жылдың басты оқиғаларының бірі Халықаралық мамандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің қорытындыларына егжей-тегжейлі тоқтады. Алдағы кезеңнің негізгі міндеті ретінде EXPO мұрасын сақтап қалу қажеттілігін атап айтты. Бұл тұрғыда, Министр еуропалық дипломаттарға «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, «Болашақ энергиясы» Халықаралық орталығының және IT-стартаптар Халықаралық паркінің болашақ қызметтері туралы айтып берді.

Шет елдердің ресми өкілдері мен іскерлік топтарымен әріптестік орнату үшін туындайтын жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, Қ. Әбдірахманов еуропалық серіктестерді осы жаңа платформалар негізінде ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Кездесу қатысушылары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының қорытындыларын талқылап, оның басты іс-шаралары ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сенім шараларын нығайту бойынша жоғары деңгейдегі тақырыптық брифингті, сондай-ақ Ауғанстан мен Орталық Азия тақырыбы бойынша министрлік пікірталасты атап өтті. Дипломаттар аталған іс-шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығының мәлімдемелері осы беделді құрылымдаға Қазақстан төрағалығының табысты өтуіне зор ықпал жасағанын атап айтты.

Еліміздің өткен жылдағы сыртқы саясатының басқа да жетістіктері қатарында «Астана үдерісі» аясында Сирия дағдарысын реттеуге бағытталған келіссөздердің жалғасуы және 2017 жылғы тамызда өткен Атом Энергетикасы жөніндегі Халықаралық Агенттігінің Төмен байытылған уран Банкінің ашылуы туралы сөз қозғалды.

Жалпы, еуропалық дипломаттар Қазақстанда және шетелде өткізілген іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта келе, олардың нәтижелері ел алдында одан да биік мақсаттар қоятынына назар аударды.

Министр 2018 жылы сыртқы саясаттың басымдықтары ретінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін лайықты түрде аяқтауды, Қазақстанның әртүрлі көпжақты форматтағы жоғары деңгейдегі кездесулерін, соның ішінде Каспий жағалауы мемлекеттерінің саммитін ұйымдастыру, Астананың 20-жылдығын мерекелеуге шетелдік әріптестердің қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезін өткізуді атап өтті.

Кездесудің маңызды бөлігі Еуропалық Одақпен ықпалдастықтың серпінді дамуына арналды. Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып қала беретіндігі аталып өтті (Еуропалық Одақ Қазақстанның сауда серіктестері арасында жалпы 49,8% үлеске ие; 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 6 млрд. долларға артып, жалпы 30 млрд. доллардан асты). Қазақстанның ЕО-мен сауда-саттықты әртараптандыруға мүдделілігі және Қазақстаннан Еуропа елдеріне шикізаттық емес экспортты кеңейтудің ықтимал жолдарын іздестіру қажеттілігі айтылды.

Ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі 2015 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы, оны 2016 жылдың мамыр айынан бастап жартылай қолданылуының басталуы, сондай-ақ ЕО-ға мүше мемлекеттерімен ратификациялауының оң қарқыны (ЕО-ның 28 мүше-мемлекеттерінің 21-і ратификациялады) және оның Еуропалық Парламенттімен мақұлдануы. Келісімнің толық күшіне енуі үшін құжатты ЕО-ның барлық елдерінің ратификациялауы қажет.

Министр Еуропа елдерінің өкілдерін Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауына енген модернизациялау, цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және іскерлік ахуалды жақсарту сияқты перспективалы салаларда қолжетімді мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға және ЕО-ның мүдделі компанияларын Қазақстанға тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.

Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытудың тағы бір маңызды міндеті визалық режимді жеңілдету болып табылады, ол үшін Қазақстан мен Еуропалық Одақ осы мәселені шешуде елеулі қадам жасауға ықпал ететін белсенді консультациялар жүргізеді.

Талқылау барысында еуропалық дипломаттар Қазақстанда заңның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық өмірдің түрлі салаларында заңнаманы жетілдіру үшін институционалдық реформа жүргізу бойынша сұрақтарына жауап алды. Сыртқы істер министрі елшілердің қазақстандық биліктің халықаралық мәселелер бойынша сарапшылармен және құқықтық мәселелер бойынша мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта ашық екенін көрсететіндігіне назарын аударды. Кез келген қызығушылық тудыратын жағдайда, сындарлы өзара әрекеттесуге және түсіндіру жұмыстарына ерекше мән беріледі. Қазақстанның бұл ұстанымы көптеген шетелдік серіктестер арасында түсіністік пен қолдау табады.

Кездесу қатысушылары 2019 жылы аяқталуы жоспарланған ЕО-ның Орталық Азия үшін Стратегиясының жаңарту процесін құптады. Қ. Әбдірахманов Қазақстанның өңірдегі барлық елдердің мүдделерін ескере отырып, Стратегияның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оны жетілдіру жөніндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыруға дайын екендігін атап өтті. Қазақстандық тарап басымды бағыттардың қатарында шағын және орта бизнестің дамуы, көліктік-логистикалық инфрақұрылым, энергия тиімділігі, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және басқаларын да атап өтті.

Еске салайық, 2018 жылғы 2 ақпанында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толды.