• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Ақпан, 2018

Нидерланд елшілігінде төрағалық қызметтің қорытындысы талқыланды

274 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі елшілігінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының аяқталуына орай дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға Нидерланд Сырт­­қы істер министрлігінің БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің мәсе­­­лелері бо­йын­ша арнайы тобы­ның үйлес­ті­рушісі Роберт Дресен, БҰҰ Қауіп­сіздік Ке­ңе­сі­нің тұрақ­ты емес мүше ел­дерінің елшілері, «Клин­гендайл» же­текші талдау орта­лығының сара­пшылары және басқа да нидерландтық ака­демиялық топтардың белгілі өкіл­дері қа­тыс­ты.

Өз сөзінде Қазақстан елшісі Мағ­жан Ілиясов Қазақстан тө­рағалығының шеңберінде ке­ңес­­тер, брифингтер және пікір­­таластар үлгісінде отызға жуық отырыстар өткізіліп, олар­дың қо­­рытындылары бойын­ша Кеңес төрағасының қарар­лары және мә­лім­демелері қабыл­дан­ғанын атап өтті. Қазақстан диплома­ты Пре­зидент Нұр­сұлтан Назар­баев­тың 18 қаң­тар­дағы саяси Үндеуі­нің негізгі бағыттарына ерекше на­зар ауда­рып, олардың ішінде Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының ба­сым­­­дықтары мен тәжірибелік ком­по­нент­тері көзделгені туралы айтты.

Сонымен қатар Қазақ­стан­ның Әлемдік терроризмге жол бермеу туралы мінез-құлық кодексі жоба­сын іске қосу бойын­ша жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өткізгені туралы атап айтылды. БҰҰ-ның оның ішінде тер­роризмге қарсы құрылым­дардың басшылығы, мүше мем­ле­кеттердің жүзден астам деле­гацияларының өкіл­дері атал­ған кодекстің өзектілігі мен маңыз­дылығын қолдады.

Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесінің төрағасы ре­тіндегі жетіс­тіктерін жоғары баға­лап, Ауғанстандағы жағдайды тұрақ­­тандыруға бағытталған біз­дің еліміздің практикалық күш-жігерін атап өтті.

19 қаңтарда өткен Ми­нистр­лік пікірталастардың қар­саңында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшеле­рінің Ауғанстанға же­ті жылдың ішінде ұйым­дас­тырылған алғаш­қы сапары бұл елдің ішкі және ай­на­ласындағы тұрақтылық пен өр­кендеуді қолдау үшін шешуші маңыз­ға ие болғаны атап айтылды. Сонымен бірге Қазақстан және Президент Н.Назарбаевтың жап­пай қырып-жоятын қаруды таратпау ісіне қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Кездесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелерінің 2018-2019 жыл­дарға арналған күн тәртібі бо­йынша жан-жақты пікір алмасу болды.

Кездесуді қорытындылай келе, Роберт Дресен: «Қазақ­станның Қауіп­сіздік Кеңесі­нің төрағалығы әлем­дік қауым­дастыққа ең өзекті мәсе­лелерді шешуге сындарлы көзқараспен қарайтынын көрсет­ті. Атап айтқанда, бұл өз кезегінде Ауған­­­стандағы қауіпсіздікті ны­­ғайту үшін маңызды өңірлік эко­но­микалық жобаларды, оның ішінде инфрақұрылымды дамыту, электр энергиямен жабдықтау, сауда-саттық пен транзит қыз­мет­терін қеңейту жобаларын іске асыруға жол ашады», деп мәлімдеді.

«Егемен-ақпарат»