Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды akorda.kz
«Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын», делінген Жарлықта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.