• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

247 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы әкімдігінде семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек», деді Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен семинар-кеңесте Департамент басшысы Н.Жанназарова. 

Семинар-кеңеске аудан және қалалық әкімдіктердің аппарат жетекшілері, жергілікті атқару органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша жауапты мамандары қатысты. Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада өңір басшысының кеңесшісі Ә.Балманова, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Т.Манкешова мен басқа да жауапты тұлғалар баяндама жасады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсетілген. Департамент мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасын үнемі бақылауда ұстайды. 2017 жылы 50 тексеріс, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірге «Жасырын тұтынушы» әдісін қолдану арқылы 90 астам іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде халыққа қолайлы жағдай жасау жөнінде және анықталған кемшіліктердің шығу себептері мен оларды жою бойынша 444 ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, Н.Жанназарова барлық мемлекеттік орган өкілдеріне қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуді тапсырды.