• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 24 Ақпан, 2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

263 рет
көрсетілді

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында 50 шақырымдық классикалық жарыста отандасымыз Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған додада барлығы 71 спортшы бақ сынап жатыр. Әзірге үш шаңғышымыз Алексей Полторанин, Евгений Величко және Виталий Пухкало жарыстарын жалғастыруда. Олардың ішінде медальдан басты үміткер Алексей Полторанин 3-ші орында келе жатыр.