• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

468 рет
көрсетілді

«Мигрант» операциясы кезінде заң бұзған 1000 шетелдік елден шығарылды, 7 мың шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Егемен.

ІІМ заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға және заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Үш күн ішінде полицияның мобильдік тобы елімізге келу тәртібін бұзған 7 мың шетелдікті анықтап, әкмішілік жауапкершілікке тартты. 

Сот шешімі бойынша 1000 шетелдік елден шығарылып, 700 адам қабылдау-бөлу орындарына әкелінді. Шетелдік жұмыс күштерін тарту және пайдалану ережесін бұзған 269 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.   - Көші-қон, кримниналдық және әкімшілік полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде көші-қон заңын бұзған үшін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 78 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп атап өтті ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов. – Іздеуде болған 14 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 4-уі ТМД азаматы.  

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 3 мыңнан астам шетелдіктің елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды.