• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 25 Ақпан, 2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

392 рет
көрсетілді

Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Ресейдің олимпиадалық атлеттері командасы хоккейден алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Ресейдің олимпиадалық атлеттері мен Германия құрамасы күш сынасты. Овертаймда қарқынды қайта күшейткен Н.Гусевпен пас алмасқан К.Капризов есепті 4:3-ке жеткізді. Шабуылдаушы Никита Гусев Олимпиада-2018-дің үздік бомбардирі атанды. Бұл Ресейдің Олимпиада ойындарындағы алғашқы жеңісі. Осылайша Германия күміс медальға ие болса, канадалықтарға қола жүлде бұйырды.