• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2018

Жаңа графиканың тұсаукесері өтті

277 рет
көрсетілді

Халықаралық ана тілі күні шеңберінде Матья Губица атындағы Загреб мектебінде қазақ тілінің қазіргі заманғы дамуына және Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуіне арналған мәдени іс-шара өтті.

Хорватиядағы Қазақстан елшілігі мектептің студенттері мен оқытушылары үшін «Латын әліпбиіндегі қазақ тілі» тақырыбында ашық сабақ, Абай Құнанбаев поэмалары мен Шәмші Қалдаяқов әндерінің тұсаукесерін ұйымдастырып, Қазақстанның жетістіктері туралы бейнеролик көрсетті.

Іс-шара барысында қазақ ауыз әдебиетінің ерекше дәстүрлері – ақындардың өнері, фольк­лоры мен эпосы, сондай-ақ, әдеби, ақын­дық және философиялық мұрасы атап өтілді. Бұл тұр­ғыда Қазақстан басшылығының ана тілін және мәде­ниетін сақтау, оны дамыту жөніндегі қабыл­дан­ған шараларының маңыздылығы баса айтылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы және қазақ әліпбиін латын әрпіне көшіру Қазақстанның лингвистикалық, мәдени және рухани дамуын жаңа белеске шығаратыны туралы айтылды.

Халықаралық ана тілі күні 1999 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен жарияланды және жыл сайын 21 ақпанда әлемдік тіл және мәдени дәстүрлерін дамыту мақсатында аталып өтеді.

«Егемен-ақпарат»