• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Ақпан, 2018

Samsung жаңа Galaxy S9 және S9+ смартфондарын таныстырды

905 рет
көрсетілді

Жексенбі күні, оңтүстіккореялық Samsung компаниясы жаңа Galaxy S9 және S9+ смартфондарын таныстырды. Презентация Барселонадағы Халықаралық ұялы конгрессте өтті, деп хабарлайды РИА ақпараттық агенттігі.

Жаңа смартфондардың ерекшелігі – артқы панельдегі элементтердің тігінен орналасуы. Ал саусақ іздерінің сканері камералар модулінің астында орналасқан, бұл объективтің ластану мәселесін оңтайлы шешуге көмектеседі.

S9 және S9 + телефонының дисплейі 5,8 және 6,2 дюймды  құрайды, ал  максималды рұқсат  - Quad HD + (1440 х 2880 пиксел). Жедел жадтың көлемі 4-тен 6 гигабайтқа дейін жетеді. Екі смартфонның да кіріктірілген жады 64 гигабайтты құрайды.

Жаңа смартфондар үш түрлі биометриялық аутентификацияны қолдайды. Оларда көз, саусақ іздерін тану арқылы және адамның кескін келбетін тану функциялары іске қосылған. Сонымен бірге, Galaxy S9 и S9+ сматфондарында Dedicated Fingerprint функциясы арқылы саусақ іздерінің  бірі телефонды бұғаттауға, ал екіншісі қорғалған папкаларды ашу үшін қолданылады.

Смартфондарда алғаш рет SmartThings қосымшасы орнатылды, бұл тұрмыстық техниканы және «ақылды үйге» арналған функцияларды өзіне қосып алуға мүмкіндік береді.

Жаңа смартфондардың ресми сатылымы 19 наурызда басталады.  Galaxy S9 телефонының Ресейдегі бағасы 59,99 мың рубль, Galaxy S9+ 66,99 мың рубль болады.

Аударған Мәдина Жәлелқызы

«Егемен Қазақстан»