Серпінді қуатындай серіппенің,
Қызығын қыз қуудың көріп пе едің?
Көнермес көшпендінің ойын-сауығы,
Ойпырмай, сен не деген көрікті едің!
Шоғындай сексеуілдің көзі жайнап,
Бойында бұла жастық сезім ойнап,
Махаббат дүбірлетсе ен даланы,
Қалады қай қазағың сабыр ойлап?!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»