• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2018

Өскеменде отандық өнімдер көлемін ұлғайтуға арналған жиын өтті

180 рет
көрсетілді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазцинк» компаниясының ұйымдастыруымен Өскеменде өндірістегі қазақстандық мазмұн көлемін ұлғайтуға арналған жиын өтті. 

Басқосуға аймақтағы 20-ға жуық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Қазцинк» өңірдегі шағын және орта бизнес субьектілерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өндіріс орны өз жұмысын бастаған уақыттан бері негізінен отандық кәсіпорындардың қызметін пайдаланып, өнімдерін тұтынып келеді. Біз аймақтағы кәсіпорындарға әрдайым қолдау танытамыз. Кәсіпорын 70 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 600-ге жуық қазақстандық компаниялармен жұмыс істейді. Бірақ біз әркез жергілікті тауарлардың сапалы болуына көңіл аударамыз. Бүгінде компаниядағы отандық өнімді тұтыну көлемі 80, ал отандық тауар өндірушілермен жұмыс істеу 77 пайызды құрайды», - деді «Қазцинк» ЖШС-ның даму және коммерциялық сараптама қызметінің бастығы Татьяна Иванова отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде.

Сұхбаттасу, пікір алмасу түрінде өткен кездесуде жергілікті тауар өндірушілер «Қазцинк» компаниясының өкіліне өздерінің өнімдерін слайд арқылы көрсетіп, толғандырған сауалдарын қойды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН