• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2018

Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы СІМ аралық консультациялардың бірінші раунды өтті

361 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі арасында саяси консультациялардың бірінші раунды барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов басшылық етті, Қатар делегациясына ‑ Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Ахмад бен Хасан әл-Хамади.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу мен ұстанымдарын үйлестіруде халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара әрекеттесу, сондай-ақ сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдау мүмкіндіктері жолдарын айқындады. Осы тұрғыда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін назарға ала отырып, БҰҰ шеңберінде екі елдің бірлескен іс-қимылының маңыздылығы айрықша атап өтілді.

Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың және Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия қызметін жандандыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.

Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтумен қатар, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.