• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2018

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының ресми іске қосылу шарасы өтті

270 рет
көрсетілді

2016 жылғы қарашада Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі арасында қол қойылған қарыз келісімі аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банк тобымен бірлесе жүзеге асырып жатқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының ресми іске қосылу шарасы өтті. 

Шарада Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Дүниежүзілік банктің Қа­зақ­стан­дағы тұрақты өкілі Ато Браун сөз сөйледі.

Е.Біртанов өз сөзінде атап өт­кен­дей, денсаулық сақтаудың қыз­мет көрсету жүйесіндегі тиім­ділі­гін арттыруға бағытталған атал­мыш жоба Қазақстанның ден­саулық сақтау саласында жаса­лып жатқан жүйелі және инс­­ти­тут­тық өзгерістердің жал­ға­сы.

Денсаулық сақтау ми­нис­трі жаңа жобадағы басым мін­дет­тердің қатарында МӘМС-пен (міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру) қатар Бірың­ғай денсаулық сақтау инфра­құрылымы жоспарын жүзеге асыруды, қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің қалыптасуына көмектесуді, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейтуді, жедел медициналық жәрдем, медициналық білім бе­руді, денсаулық сақтау саласын цифрландыруды жетілдіру бар екенін атап өтті.

«Денсаулықты әлеуметтік сақ­тандыру жобасы Қазақстан Үкі­метіне медициналық қызмет­тердің қолжетімділігін, сапасы мен  тиімділігін арттыруға және денсаулығы нашар адамдар үшін қаржылық тәуекелдерін азайтуға қолдау көрсетуге бағытталған», деді Ато Браун. Ол өз сөзінде атап өткендей, мұндай ірі реформалар басқа секторлардың қатысуынсыз сәтті жүзеге ас­пайды, сондықтан басқа да ми­нис­тр­л­іктер мен азаматтардың қол­дауы қажет.

Осылайша, әлеуметтік меди­циналық сақтандырудың ұлт­тық жүйесін нығайту бойынша бірінші компонент аясында Медициналық сақтандыру қо­ры­на кірісті болжау мен тәуе­кел­ді басқаруда, тариф сая­са­тын жетілдіруде, ТМККМ (те­гін медициналық көмектің ке­піл­дік берілген көлемі) және медициналық көмектің сақ­тан­дыру пакетінің мөлшерін, ақ­параттық жүйелерді біріктіру және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау тетіктерін енгізуде қолдау көрсету жоспарлануда.

Екінші компонент қоғам­дық денсаулық сақтау қыз­ме­тінің (ҚДҚ) қалыптасуына көмек­те­суді, қолданыстағы емха­на­лар негізінде 16 алдыңғы қатар­лы орталық құру мен жаб­дық­­тауды және медици­налық ал­ғаш­қы көмек мамандарын халық­аралық талаптарға сәй­кес оқы­туды көздейді. Сон­дай-ақ жоба қорының есебі­нен ста­ционарлық және амбу­ла­тор­лық-ем­ханалық қызмет­ті рес­трук­туризациялау, меди­ци­на­лық ұйым­дарды (стацио­нар­лар­дың қа­былдау бөлімдері, ем­ханалар) клиникалық хат­та­малар­дың ұсыныстарына сай меди­циналық құрылғылармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қайта жабдықтау жоспарлануда. 

Жоба міндеттерінің бірі – Қа­зақ­стан­ның барлық өңір­лері­не Сыр­қатты басқару бағдар­ла­ма­сын (СББ) енгізу, сонымен қатар СББ емделушілерін қа­да­ғалау бойынша 200 емхананы ме­дициналық және зертханалық құрылғылармен жабдықтау болмақ.

Шетел медициналық жо­ғары оқу орындары және кол­ледж­­дерімен стратегиялық әріптес­тік­тің есебінен саланың кадр­лық әлеуетін күшейту мә­се­лесін шешу жоспарлануда. Мұнда ең негізгі жаңалық – университеттік ем­хананың жаңа үлгісі мен бар­лық деңгейлі білім беру бағдар­ламасын қалыптастыру, дәлірек айтқанда, мейіргер ісі мамандарын дайындау бойынша және бакалавр мен магистратураның қос дипломды қазақ-фин үлгісін енгізу.  

Сонымен қатар меди­ци­налық сала мамандарын бірың­ғай есепке алу мақсатында ма­мандарға деген қажеттілікті анық­тап қана қой­май, ұзақ мер­з­імді келешегін бол­жау үшін денсаулық сақтау қыз­мет­кер­лерінің кәсіби тірке­лімін жасау жоспарлануда.  

Осылайша, жобаны жүзеге асы­ру нәтижесінде үй шаруа­шы­­лықтарының медициналық қыз­мет үшін жеке төлемдерінің үлесін азайту, медициналық кө­мек пакетінің нақты құрамын анық­тау, алғашқы бөлім өсімі бо­йынша стационарлы қызметтің шек­тен тыс қолданысын қысқар­ту, халықты алдын алу шарала­ры мен сырқаттың бастапқы бел­гілерін анықтауға тарту нәти­же­лері күтілуде.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»