Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында бірқатар заң жобалары қаралды.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьОтырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар шетелге шығатын кездегі туристі сақтандыру мәселесіне баса назар аударды. Халық қалаулыларының пікірінше, шетелге шыққанда туристер өз проблемаларымен өздері ғана қалмауы керек. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы:
– Біздің көптеген азаматтарымыз қазіргі уақытта өз демалыстарын туристік жолдама бойынша шетелде өткізеді. Әрине ол жақта жүрген кезде түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ауырып қалады немесе ұшаққа байланысты басқа да жағдайлар орын алуы мүмкін. Бірақ та ең бастысы – туристік жолдама бойынша шетелде жүрген азаматтарымызды осы кезеңде толықтай сақтандыру керек. Сондықтан осы мәселені екінші оқылымға дейін қарауымыз қажет, – деді.
Аталған заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қолданыстағы заң негізінен туристің емес, туроператор мен турагенттің мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталғанын, ендігі жерде, осы заң жобасына сәйкес, қазақстандық туристерді қорғау мақсатында туристік фирмалардың шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыруын жүзеге асыру көзделіп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, осы заң жобасы ерікті сақтандыру жүйесі, міндетті сақтандыру ісі, сондай-ақ сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бойынша сақтандыру ұйымдарының қызметін регламенттейтін заңнамалық актілерді кешенді түрде қайта қарауды көздейді. Атап айтқанда, олар: міндетті сақтандыру жүйесінде онлайн-сақтандыру тетігін енгізу, сақтандыру шарттарын заңмен емес тараптардың келісімімен айқындау, туристердің тәуекелдерін сақтандыру жүйесін қайта қарау, сондай-ақ сақтандыру агенттері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар заң жобасында ерікті сақтандыру жүйесінде зейнетақы аннуитеттік сақтандыруды одан әрі дамыту көзделсе, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту жүйесінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру тетігін жетілдіру, сақтандыру омбудсменінің қызмет аясын кеңейту, сақтандыру шарттары бойынша эталондық дерекқорды қалыптастыру, актуарлық қызметті дамыту ұсынылады.
Сондай-ақ жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Аталған заң жобасы бойынша негізгі баяндаманы Әділет министрі Марат Бекетаев жасады.
Жиында айтылғандай, бұл заң жобасы мынадай мәселелерді кешенді шешуге бағытталған. Банктік қарыз берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ банктік шотқа қарызды есепке жатқызғаны үшін комиссия алуға тыйым салу ұсынылады.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыз шарттары бойынша мерзімді өткізіп алғанға 180 күн өткеннен кейін есепке жатқызылған сыйақыны алуға тыйым салуды белгілеу қарастырылады.
Арнайы шоттар болған кезде балаларды күтіп-бағуға арналған алименттік төлемдерге өндіріп алуды қолдануға иммунитет белгілеу, мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құнына тең бағамен өтем жасау негіздерін біріздендіру де қаралған.
Нақтылай айтқанда, Заң жобасында мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құнына өтем жасау үшін тең бағамен өтеудің шарттарын жасау арқылы бірыңғай негіздерді белгілеу, атап айтқанда: жер учаскесін алып қою кезінде өтеу мөлшері мүліктің нарықтық құны бойынша айқындау, мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алып қою кезінде өзге жер учаскесін беру жолымен «заттай өтеу» (құнды өтеу баламасы) мүмкіндігі ұсынылады. Сотталған адамның мүлкін арнайы (заттай) тәркілеу институтын іске асыру мәселелері де қаралды.
Жалпы отырыста, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Бұл екі заң жобасы бойынша негізгі баяндамаларды сәйкесінше Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев пен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кәрібай Мұсырман жасады.
Сонымен қатар отырыс барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Наталья Годунованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды.
Пленарлық отырыстың соңында депутаттар орталық мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар депутаттық сауалдар жолдады.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»