Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыста зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, салықтық заңнаманы жетілдіру және инвестициялық дауларды шешудің жаңа құралдарын табу бағыттары бойынша елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту тұрғысынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды.
Талқылауға Әділет министрі Марат Бекетаев, Америка сауда палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдбюри, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Гиффорд, Канаданың Қазақстандағы елшісі Николас Бруссо, ЕО делегациясының саясат жөніндегі бөлім басшысы Золтан Сзалай, ЭЫДҰ қоғамдық басқарма директоры Маркос Бонтури, Deloitte халықаралық салық, энергетика және ресурстар мәселелері жөніндегі серіктесі Энтони Мэхон, Baker & McKenzie серіктестері Кёртис Мастерс пен Андрей Ерш, White & Case Kazakhstan басқарушы серіктесі Максим Телемтаев, Coca-Cola Almaty Bottlers бас менеджері Ахмет Ертин қатысты.