• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2018

Болашаққа зер салған зерлі суреттер

873 рет
көрсетілді

Жақында Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясын­да «Жаңғыру-2018» атты көркем туындылар көрмесі ашылды.

Музей күнделікті жұмысында өз кө­рермендерін еліміздің өнер әлеміне қо­сыл­ған жаңа буын өкілдерімен таныс­тыру арқылы талантты жастардың шы­ғар­машылығын қолдап қазіргі кезеңдегі ұлттық өнер жетістіктерін насихаттауға үлес қосуда. Аталған көрме қалыптасуға, кәсіптік өсуге, біліктілікті қадағалауға, көрменің қатысу­шыларының шеберлігін, сондай-ақ тұтас көркемдік деңгейдегі көрінісін, дәс­тү­ріне, мектептеріне және шығар­машы­лы­ғы­на тұтас көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Авторлардың туындылары – олардың бай, рухани әлемінің көрінісі. Суретшілердің шығар­маларында әртүрлі табиғи ландшафтар, этностық сюжеттер және тағы басқа туын­дылары ерекше көрініс тудырады. «Жаң­ғыру-2018» көрмесіне өз туындыларын қойған авторлар әрқайсысы жеке-дара, әрқай­­сының өзіндік қолтаңбасы және стилі бар.

Мың бір жылға иек артқан салтанатты шаһардағы өтіп жатқан көрме – бұл арайлы Алматыдағы ең үздік жас суретші-педагогтардың өзгеше шығармашылық же­тістіктерінің есебі дерлік. Олар мың құ­был­ған көңіл көгінің асқақтығы арқылы өзде­рінің кәсіби жетістіктерімен бөліскені деп білеміз. Еліміздің жарқын болашағын зерлі бояулардың танытар арайлы шапағы дерсіз.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ