Бүгін сағат 15:00-де Станимир Стоиловты Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде таныстырады, деп хабарлайды sportinform.kz.
51 жастағы болгариялық маманды еліміз 2014 жылдан бері жақсы біледі. Стойлов осы уақыт аралығында «Астана» футбол клубын қазақ футболындағы ең нәтижелі клубтардың біріне айналдырды.
Сейсенбі күні Стоилов Астанаға ұшып келіп, федерация президенті Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Екі жақ келісімшарттың мәселесін талқылап, бір шешімге келді.