• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2018

Түркі әлемінің 100 тұғырлы тұлғасы анықталмақ

349 рет
көрсетілді

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдік өркениетке үлес қосқан 100 түркі тұлғасының тізімін жасамақ.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, «Түркі әлемінің 100 тұғырлы тұлғасы» деп аталатын ауқымды жоба адамзат тарихында із қалдырған есімдерді анықтауды көздейді. Ол үшін Академия арнайы сайт жасап, халықаралық сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр. Сауалнама нәтижесінде шын мәнісінде ғылыми, ой-таным тұрғысынан із қалдырған тұлғаларымызды түгендеуге үміттіміз, дейді ұйымдастырушылар.

Айта кету керек, бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Академияның өткен жылдары атқарған қызметі мен келешек жоспарларына арналған баспасөз брифингі өтті. Жиында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі мен Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов ұйымның жобалары мен халықаралық байланыстары жөнінде кеңейтілген мәлімет беріп, журналистер сауалдарына жауап берді.

Суретті түсірген Орынбай Балмұрат