• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 01 Наурыз, 2018

Премьер-Министр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді

244 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында ком­па­нияның 2018 жылға арналған жоспарлары қаралды, онда «Қа­зақстанның даму банкі» АҚ-пен мәміле жасасу шешімі мақұл­данды. Мәмілеге сәйкес, «ҚДБ-Лизинг» АҚ (еск. «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйы­мы) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ұзақ мерзімді лизингтік қар­жы­ландыруға несие берілді.

Бұдан өзге, Директорлар кеңесі холдингтің 2018 жыл­ға арналған бизнес-процес­тері­нің, тәуекелдер мен бақылау­ларының матрицасын, ішкі аудит қызметінің 2017 жылдың 4-тоқсанындағы есебін бекітті және «Бәйтерек» холдингі то­бы­ның ішкі аудит қызметінің тиім­ділігі мен жұмыс сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау нәтижелерін қа­рады.