"Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан "Өткен мен болашақтың ортасы" атты көрме 10 күнге созылады, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде шеберлер көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеде Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының түлектері, бүгінде бірі ұстаз, бірі жеке кәсібі бар Мейірбек Жағыпашов, Қайрат Шапбааев, Мирас Джангужиев және Асылбек Бақтияр сынды шеберлер өз еңбектерін қала тұрғындарына таныстырды.
- Бұл біздің Атыраудағы алғашқы көрмеміз. Елге аз да болса пайдамыз тисін деген ниетте еңбек етіп келеміз. Негізінен, әр қазақтың баласы, елдің азаматы өз саласында мықты болып, ата кәсіпті меңгерсе елдің еңсесі биік болуына қосқан үлесі зор болады деп ойлаймын,-дейді зергер Қайрат Шапабаев.
Көрме қонақтары барлық көркемөнер туындылары: мүсін, зергерлік әшекей бұйымдар, графикалық кескіндемелер мен 3D max дизайнерлік жобаларымен танысты. Атырау қаласында аталған көрме 12 наурызға дейін жалғасады.