Арменияның төртінші президенті болып Армен Саргсян сайланды. Дауыс берудің нәтижесін санақ комиссиясының төрағасы Гагик Меликян пленарлық отырыста жариялады.
Сайлауда Саргсянға 90 депутат қолдау білдіріп, 10 депутат қарсы дауыс берген. Бір бюллетень жарамсыз деп танылған. Жаңа президенттің кандидатурасын төрт парламенттік фракцияның үшеуі қолдаған, олар - «Республикалық партия», «Армян революциялық федерациясы» және «Дашнакцутюн» блогы. Ал «Эльк» фракциясының депутаттары қарсы болған.
«Дауыс беруге 101 депутат қатысты. Жәшікте 101 бюллетень болды, соның біреуі жарамсыз деп танылды. Осылайша, Армен Саргсян республика президенті болып сайланды», - дейді Ұлттық жиналыста Уақытша есеп комиссиясының төрағасы Гагик Меликян.
Саргсян өз тарапынан депутаттарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. «Мен Арменияға қызмет етуге бар күшімді саламын және бүкіл халықтан да осыны күтемін», - деді ол.
Бұрынғы президент Серж Саргсянның мерзімі аяқталғаннан кейін Арменияда жаңа Конституция күшіне енеді. Жаңа конституция бойынша билік парламент пен үкімет қолында болады.
Саргсян президент болып сайланарға дейін Арменияның Ұлыбританиядағы елшісі болды. Сондай-ақ, оны президенттік кандидатураға қазіргі мемлекет басшысы және республикалық партияның жетекшісі Серж Саргсян ұсынды. Жаңа мемлекет басшысы өз қызметіне 9 сәуірде кіріседі.
Саргсян бұрын парламентте сөйлеген сөзінде, елдің басқару жүйесі экономикалық және қоғамдық өмірде де елеулі өзгерістер кезеңіне жеткенін айтқан болатын. Ол халықты ұлттық бірлікке шақырып, Арменияға әлеуметтік әділеттілік пен сыбайлас жемқорлықтың жойылуы қажет екеніне тоқталды. Ал маңызды міндердің қатарына азаматтық қоғамның дамуын, білім беру мен демография саласындағы мәселелердің шешілуін жатқызды.
REUTER Испанияда Бүкіләлемдік мобильді конгресс өттіИспанияның Барселона қаласында 2018 жылдың Бүкіләлемдік мобильді конгрес аясында телекоммуникация көрмесі өтті. Онда 5G байланысы таныстырылды. Мамандардың айтуынша, Конгресс 5G дәуірінің біз ойлағаннан да алыс еместігін көрсетті.
Форум ұйымдастырушылары цифрлы технологиялар қазіргі қоғамдағы өзгерістердің негізгі факторы екенін атап өтті. «Бүкіл әлем бойынша цифрлы технологияларды дамытуға аса мән беріліп жатыр. Бұл конгресс – біздің жағдайды түсінетінімізді және қолдайтынымызды білдіреді. Осындай алаңдар идея алмасып, тәжірибе алмасып, бір-біріміздің технологиямызбен танысыға мүмкіндік береді», деді олар.
Бір айта кетерлігі, жыл сайын ұйымдастырылатын бүкіләлемдік конгрестің өтіп келе жатқанына 30 жыл болды. Оған ұялы байланыс операторлары, бүкіл әлем бойынша мобильді контент сатушылары мен өндірушілері қатысады. Ірі компаниялар бұл платформаны маңызды жобаларын таныстыру үшін қолданады.
ВВС Смартфонға тәуелсіздіктен құтқаратын қосымша жасалдыБританияда студенттерді смартфонсыз жүргені үшін ынталандыратын қосымша шығарылды. Hold бағдарламасын Копенгаген бизнес мектебінің үш студенті құрастырған. Олардың айтуынша, бұл қосымша гаджеттерге тәуелділікті жоюға көмектеседі. Бұл қосымшаны Норвегия, Дания, Швеция елдерінде 120 мыңнан астам адам қоладанады.
Бүгінгі таңда мамандар гаджеттерге тәуелділіктің өршіп бара жатқанына алаңдаулы. Техас университеті жүргізген зерттеуге сенсек, смартфонның көзге көрінетін жерде тұруының өзі еңбек өнімділігін кемітіп, адам реакциясына кері әсер етеді. Ал Лондон экономика мектебінің зерттеулерінде мектеп аумағында смартфон қолданбаған оқушылардың емтихандарды 6,4 пайызға жоғары тапсырғаны айтылған. Сол зерттеулер негізінде енді Ұлыбританияның 170 университеті Hold қосымшасын іске қоспақ. Сол арқылы студенттер смартфон пайдаланбаған әр 20 минутқа 10 балл алатын болады. Қосымша мәліметтері таңғы 7 мен түнгі 11 аралығындағы уақытта есепке алынбақ.
Студенттер осы қосымша арқылы жинаған балды түрлі тауарларға алмастырып, қызмет ақыларын төлей алады.