• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2018

Шавхат Өтемісов: Газ-техникалық инс­пекцияларын құруға бағыттал­ған жедел шаралар қабылдау қажет

385 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Мәжілісте Пар­ла­мент депутаттары бастама­шылық жасаған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Заңына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылуда.

Аталған заң жобасымен жұмыс барысын­да газбен жабдықтау жүйесі объек­тілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері газ нарығы субъектілерінің үлкен алаң­даушылығын туғызып отыр. 

2014 жылы өнеркәсіптік қауіп­сіз­дік саласындағы уәкілетті ор­ган­ның тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелері объек­тілерін қауіпсіз пайдалану талап­­тарының сақталуына бақылау жүр­­гізу жөніндегі құзыреті алып тас­талған болатын. Осының салдарынан газ нарығы субъектілерінің қауіп­сіздік талаптарын сақтауына бақы­лау жүргізу мүлдем жоғалды. Бақылау жоқтықтың кесірінен тек соңғы бір жылда ғана Қазақстанда 91 рет газ баллондары жарылып, соның кесірінен 9 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен.

Қазіргі уақытта Үкімет газбен жаб­дықтау жүйелерінің объекті­лерін қауіпсіз пайдалану мәселесін шешу үшін тиісінше өкілеттіктерді тұрғын үй инспекцияларына жүк­теуді жоспарлап отыр.

Алайда қауіпсіздік мәселелері газ тұтынушы жүйелер мен тұр­мыс­тық және коммуналдық-тұр­мыс­тық тұтынушылардың газ жаб­дық­тарына қатысты ғана емес, кешенді түрде шешілуі қажет еке­нін тәжірибе көрсетіп отыр. Тұрғын үй инспекцияларының өкілеттік­тері газ құбырлары, газ толтыру пункті және автогаз құю стансасы сияқты объектілерді бақылауға жеткілікті болмайтыны сөзсіз. Яғни, проблема бұл жерде біржақты ғана шешілетін болады және азаматтар үшін алғашқы қауіп көздері назардан тыс қалады.

Осыған байланысты, біз өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын­дағы уәкілетті органның немесе жер­гілікті атқарушы органдардың жанынан газ-техникалық инс­пекцияларын құруға бағыттал­ған жедел шаралар қабылдау қажет екенін айтып, Үкімет басшысы Б.Сағын­таевқа депутаттық сауал жолдадық. Егер осындай құрылым жарақталса тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіп­сіз пайдалану талаптарының сақ­талуына бақылауды жүзеге асыратын болар еді. 

Шавхат ӨТЕМІСОВ, Мәжіліс депутаты