Өңірімізде басталған республикалық VII қысқы Универсиада ойындары бүгін С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте өтуде.
Облыстық аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының хабарынша, спорттық шара шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, футзал, баскетбол жарыстардан бастау алды. Қазір екінші кезеңде қазақ күресі, қысқы спорттық бағдарлау, армрестлинг, гір спорты, пауэрлифтинг жарыстары өтуде. Универсиада екі кезеңнен тұрады. Спорттың 11 түрі бойынша ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де белгілі болуда.
Универсиадаға еліміздегі 36 жоғарғы оқу орнынан 1500-ге жуық студент қатысуда. Алғашқы жарыс президенттік көпсайыс бойынша өтті. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы алтын, күміс жүлдені Қостанай педагогикалық университетінің спортшылары иленді.
Универсиада аясындағы ерлер арасындағы гір көтеру спорты бойынша жарыста Серік Абдахиннің айтуынша, 11 команданың 60 спортшысы өзара сынасты. Қатысушылар 63 келіден 95+ салмақ дəрежесінде шеберлік көрсетті. Спортшылар 10 минут ішінде 16, 24 жəне 32 келілік кір тастарын көтерді. Ал, 11 наурыз күні еліміздің VII-ші қысқы Универсиада ойындары аяқталады.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген: Руфина Торпищева