• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Наурыз, 2018

Ауа райы қолайсыздығынан АҚШ-та миллионнан аса адам жарықсыз қалды

661 рет
көрсетілді

Аяқ асты асау мізенз көрсеткен ауа райының кесірінен АҚШ-тың Коннектикут, Нью-Джерси штаттары мен Нью-Йорк тұрғындары алашапқын әбігерге түсті. Бұл туралы Белта жазды.

Аталған аудандарда шелектеп құйған жаңбырға жел қосылып, электр сымдарын үзіп кеткен. Сонымен бірге  ондаған жол апаттары да тіркелген. Кейбір аудандарда мектептерде сабақтар тоқтатылып, рейстер іркілді. Соңғы мәліметтерге қарағанда. 1 млн-нан астам адам жарықсыз қалған.

Жарықсыз қалғандардың басым бөлігі Нью-Джерси, Нью-Йорк және Массачусетс штаттарында тұрады делінген ақпаратта.