• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2018

Астанада мемлекеттік қызметкерлер шаңғымен жарысты

203 рет
көрсетілді

Астанада шаңғыдан Президенттік тестілеу өтіп, 15 мемлекеттік органның 300-ден астам қызметкері бақ сынады, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер, қаржы және статистика министрліктерінің қызметкерлері бар. Жарысқа 18-69 жас аралығындағы мамандар қатысып, түрлі қашықтықты бағындырды.

- Биылғы жарыстың ерекшелігі бастапқыда Президенттік, ұлттық екі деңгейлі болса, биыл бастапқы деңгей қосылды. Сол үш деңгей бойынша әйелдер мен ерлер арасында жарыстар өткізілуде. Жас мөлшеріне байланысты 18-23 жастағылар 5 км-ге, 60-69 жастағылар 2 шақырымға жүгірді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы директорының орынбасары Еркеғали Кәрібозов.