Сәрсенбіде Бундестаг Германияның канцлеріне Ангела Меркельді төртінші мәрте сайлады.
« Христиандық-демократиялық одақ партиясының көшбасшысы Ангела Меркель көпшіліктің басым дауысына ие болды», - деді бундестаг басшысы Вольфганг Шойбле. Дауыс беруге 692 депутат қатысты, оның 364-і Меркельге дауыс берген.
Меркельдің кандидатурасын ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мақұлдап, дауыс беруден соң қызметке бекітті. Салтанатты шара президент резиденциясында – Берлиндегі Бельвю сарайында өтті.