• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2018

«Бабалар сазы» Тегеран төрінде әуелейді

450 рет
көрсетілді

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылын­дағы «Бабалар сазы» этно-тобы Алла сәтін салса, Иранда өнер көрсетпек. Барқытбел баурайының өнерпаздары шетелдіктер назарына ұсынылатын концерттеріне қызу дайындық үстінде. 

Ансамбль жетек­шісі Шәкен Көпшікбаева бауырлас мем­лекетте ұйымдастырылатын байқау ереже­сі­мен ғаламтор арқылы танысып, аудио және видео материалдарын жолдап, іріктеуден іркілмей өткендерін айтады.

«Бізге Иран Ислам Республикасының елі­­міз­дегі елші­сінің қолы қойылған ша­қыр­­ту келді. Тарбағатай ауданының әкімі Діл­дәбек Оразбаев өнер сапарымен өзге елге барып-қайтуымызға зор қолдау көр­сетіп отыр. Қазақстан аумағындағы шы­ғын­­дарды өзіміз жапсақ, Тегерандағы шы­ғын­ды Иран тарапы көтеретін болады. Те­г­е­ранда бірнеше концерт береміз», дейді ол.

Бүгінде ұмытылып бара жатқан көне аспаптарымызды қайта түлету мақ­сатында 2014 жылы Ақсуат мәде­ниет үйінің жанынан құрылған топ ирандықтарға арнайы репертуар әзірлепті. Ансамбльдің белді әншісі Еламан Құжыманов Тегеран төрінде Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауы мен Алмас Ақатұлының «Домбырасын» әуелетсе, күйшілер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Дәулеткерейдің «Көрұғлы», халықтың «Бұлғын-сусар» күйлерін күмбірлетпек.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы