• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2018

Тұрғын үйлер тозып тұр

634 рет
көрсетілді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Петро­павл қаласында 2,4 млрд тең­ге­ге 161 көп қабатты тұр­ғын үй жөнделді.

Жөндеу барысында үйлердің шатырлары, қасбеттері, жертөлелері, жылу жүйелері, лифт шаруа­шы­лықтары қалпына келтіріл­ді. Мемлекеттік қолдаудың ар­қасында қала тұрғындарына ондаған жылдар бойы жиналып, қолайсыздықтар туын­датқан бірқатар мәселе шешілді. Айта кетерлік жайт, жөндеуден өткізілген үйлердің шығын қаражаты толық көлемде тұрғындардан қайтарылды.

2013 жылы аталған Бағ­дар­ламаның тоқтатылуы себебі­нен ескі үйлердің техникалық күйін жақсартуға бағытталған жоспарлы жұмысты жалғас­тыруға мүмкіндік болмады. Қала үйлерінің біршама бөлігі сонау Кеңес өкіметі зама­нын­да бой көтерген, қазір­гі таңда кейбір ғимарат­тар­дың салынғанына 50 жылдан асты. Қаладағы 250-ден астам көп қа­бат­ты ғимарат, яғни барлық көп қа­батты тұрғын үйдің 25%-ы жед­ел күрделі жөндеу жұ­­мыс­­тарын талап етеді. Бір ғана осын­дай ғимаратты жөн­деуден өткізу үшін кемінде 25 млн теңге қаражат қажет. Елі­міз бойынша жалақысы ең төмен деңгейдегі Петропавл тұр­ғындары үшін бұл қомақты қаражат. Пәтер иелерінің қыс­қа мерзімде аталған соманы жи­науға мүмкіншілігі жоқ, алай­да оларды Бағдарлама шарт­тары толығымен қана­ғат­тандырып отыр.

Петропавл тұрғындары сай­лау­шыларымен кезекті кез­десулер барысында осы­ған қатысты проблема­лар: құлап жат­қан шатырлар, істен шық­қан лифтілер, жөн­деуді қажет ететін кіре­бе­ріс­тер мен жер­төлелер мәсе­лелері жиі қоз­ғалады. Бағ­дар­лама олар­дың көпшілігі үшін өмір сүру жағдайын оң­тай­ландыруд­ың негізгі тетігі болып отыр. Се­бебі жылу жүйесі және сумен жаб­дықтау жүйесі апаттық жағдайда тұрған, төбесінен су аққан және лифтілері іс­тен шыққан үйлердің көп пә­тер­­лерінде науқас қарттар мен ба­лалар өмір сүріп жатыр.

Сондықтан халықтың не­гізгі қажеттіліктерін толық қа­­­на­­ғ­­аттандыруға жағдай жаса­май отырып, қаланың одан әрі дамуы, инновациялардың тара­­­луы және «ақылды» техно­ло­­гия­­ларды енгізу туралы сөз қоз­ғау ақылға сыймайды. Қа­ла тұр­ғындарының көп­ші­­лігі үшін үйлерінің тозуы – өзек­ті мә­селеге айналған. Олар Бағдар­ламаның қайтадан жал­ғасын табатындығына үміт­­тенуде және өмір сүру жағ­­дай­­ларын жақсарту мүмкін­ді­гін күтуде.

Осы мәселеге байланысты, біз Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаевтың атына д­е­путаттық сауал жолдап, Тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын жаңғырту бағдар­ламасын қайта жандандыру және Петропавл қаласының тұр­ғын үйлерін жөндеуге рес­пуб­ликалық бюджеттен тиіс­ті қаражат бөлу мәселесін қарас­тыруды сұрадық.

Ерік СҰЛТАНОВ,

Сенат депутаты