• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2018

Астанада үздік түрік фильмдері көрсетіледі

570 рет
көрсетілді

Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Астананың 20 жылдық мерейтойына сыйлық жасамақ. «Түрік фильмдерінің ай сайынғы көрсетілімі» шарасы аясында елорда көрермендерінің назарына үздік түрік фильмдері ұсынылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Екі бауырлас ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Астананың 20 жылдығына орай елорда көрермендерінің назарына үздік түрік кино туындыларын ұсынбақ.

2018 жылы Астаналық көрерменнің көзайымына айналған «120», «Көбелектің түсі», «Соңғы хат» сияқты фильмдермен қоса, жаңа кинотуындылар да көрсетілетін болады. Солардың бірі – танымал түрік жазушысы Саит Фаик Абасияныктың «Күнкөріс қайығы» атты романының желісімен түсірілген «Екеумізге бір әлем» фильмі. 

Бұл туындыны астаналықтар 31 наурызда тегін тамашалай алады. 

«Оқиға Әли Рыза Эфенди, оның шаштараз қызы – Мелек, оның өгей ұлы – Хикмет және шаштараз Кир Дмитрийдің өмірі туралы баяндайды. Мелек Хикметті туған ағасындай жақсы көрсе, Хикметтің оған деген сезімі өзгеше. Мелектің өмірі Бургазадаға Фахри келген соң түбегейлі өзгереді», - делінген фильмінің аңдатпасында.  

Туындыны «Атаденизфильм» компаниясы Бургазада аралында 2016 жылы түсірген болатын. Басты рөлдерді Эркан Мерич пен Йагмур Айдан сомдайды. 

Сафа Өңал мен Саит Фаик Абасияныктың сценарийімен түсірілген «Екеумізге бір әлем» фильмі 31 наурызда сағат 17:00-де «Керуен» сауда орталығындағы Кинопаркте көрсетілетін болады.