• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2018

Ақтөбеде «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөң­гелек үстел өтті

2765 рет
көрсетілді

Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғы­лы­ми кітапханасы құқық бұзу­шылықтың алдын алу жолдарын нығайту және жауапты мекеме қызметкерлерімен аталған мәселенің күрделі түйткілдерін талқылау мақсатында «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөң­гелек үстел ұйымдастырды.

Аталған шараға Қазақстан Рес­публикасы білім беру ісі­нің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгі­сі­нің иегері педагог-психолог Мар­та Есіркепқызы, облыстық ІІД Сазды полиция бөлімі кә­ме­летке толмағандардың іс­тері жөніндегі инспекторы, по­ли­ция капитаны Эльмира По­тақызы, М.Бөкенбаев атын­да­ғы Ақтөбе заң институты «Әкім­­шілік құқық және ішкі іс­тер органдарының әкімшілік қыз­­меті» кафедрасының аға оқы­тушысы, полиция подпол­ков­нигі Жолдыбай Амантайұлы және арнаулы орта оқу орын­­дарының студенттері, оқы­ту­шылар мен ата-аналар қатыс­ты.

Дөңгелек үстел барысында жасөспірім дамуына әсер етуші тәрбиенің екі қайнар көзі – саналы түрде әсер ететін жанашыр орта мен қоршаған «күрделі» ортаның ара жігі ашып көрсетіліп, адам үшін адас­пайтын жол өмірдің мә­нін тауып, жарқын өмірге құл­шыну екен­дігі жастарға ұғы­нықты тіл­мен түсіндіріліп, нақ­ты дерек­тер берілді. Шара қо­нағы Марта Есіркепқызы «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәр­тібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналыса­тынына қатаң бақылау жа­са­са, жасөспірімдер арасын­да­ құқық бұзушылық пен қыл­­­­мыстың төмендеуіне көп сеп­тігін тигізер еді» деп өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар ата-ана мен балаға, олардың қарым-қатынасына, өзара ұғы­нысуына бағытталған тренингтер өткі­зі­ліп, мамандар са­рап­­тама жасады және тосын да қызықты мә­ліметтер мен жас­тарға керекті ке­ңес берілді. 

Ақтөбе гуманитарлық кол­­лед­жінің «Кітапхана ісі»­ ма­ман­­дығының 3-курс студент­тері Альбина Тілеубаева, Гүлнұр Есенғали, Айым Жылқайдар қоғам, отбасы, жастар өмірінен ситуациялық жағдайлар көрі­нісін сахналауға қатысты.

Шара тыңдаушылары қонақ­тарға сұрақтар қойып, ой-пікір­лерімен бөлісті. Сондай-ақ «Жас­­­­­тар арасында қылмыстар» ат­­ты бейнеролик көрсетіліп, «Заң және жастар» атты кітап көр­­месі ұйымдастырылды. Осылайша, ортаға тасталған оймен, ұсыныстарды талқылау арқылы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу қадамы жасалды.

 Лиза ҚАРАҒОЙШИНА, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі    Ақтөбе облысы