• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2018

«Қазақстан аруы» ұлттық байқауы биыл Наурызды насихаттайды

870 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік бедерінде толассыз өтіп келе жатқан «Қазақстан аруы» ұлттық байқауына биыл 21 жыл толады. Астанадағы наурыздың соңғы күнінде еліміздің ең сұлуының есімі белгілі болады. Ал оған дейін 31 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында мәреге жететін байқау биыл көктемнің шуақты мерекесі – Наурызға бағышталатындығын баяндаймыз.

Бағамдап отырсақ, осы жылдар ішінде еліміздің әр аймағында байқаудың өкілдіктері ашылыпты. Облыстық турлардың жеңімпаздары жыл сайын өз өңірлерінің намысын Байқаудың Ұлттық финалында қорғап жүр.  

Бір жағынан осынау сұлулық думанын ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабамыздың көрегендігі мен даналығынан, дәстүрін ұлықтайтын шара деп қарау керек. Азия мен Еуропа мәдениеттерінің тоғысында тұрған Қазақстанның географиялық орналасуы нәзік жандыларға тән сұлулықтың бірегей, өзіндік, ерекше үлгісін жасауға септігін тигізді.

Олимпиада ойындары сияқты, арулар байқауы да еліміздің жастарын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуді насихаттау және дамыту үшін қатысушыларды біріктіріп, жақындастырады, олардың бойындағы жақсы қасиеттерін ашады. 

Жоба мемлекеттік тілді, ұлттық кәсіп, мәдени мұра, ұлттық киім, дәстүрлі тағам сияқты этникалық негіздерді сақтау және насихаттауға талпынады.

Оған қоса «Қазақстан Аруы» байқауы Қазақстан Республикасы аумағында «Дүниежүзі Аруы» (АҚШ), «Әлем Аруы»  (Ұлыбритания) сияқты ірі әлемдік байқаулардың арнайы лицензияларының бірден-бір иеленушісі болып табылады. 

«Қазақстан Аруы» ұлттық байқауы – жай ғана сұлулық байқауы емес. Соңғы жылдары ол «Сұлулық пен қайырымдылықтың үйлесімі!» деген ұранмен өткізіліп жүрген үлкен думан. «Қазақстан Аруы» байқауының жеңімпаздары мейірімділікті өз еркімен атқаратын Елші бола отырып, сұлулық тәжін іс-әрекетімен ақтауы тиіс. Қысқасы елде өткізілетін қайырымдылық жобаларына белсене атсалысып, еліміздің барлық жастарына үлгі болмағы да ләзім. 

Айнаш ЕСАЛИ

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ