Исламабад қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Барлыбай Садықов Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хуссайнге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім «Aiwan-e-Sadr» сарайында өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьСалтанатты рәсімнен кейін кездесуі барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оның келешегі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Пәкістан Президенті Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелеріне Исламабад ерекше мән беретінін атай отырып, әсіресе сауда, көлік және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. М.Хуссайн Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанда үлкен құрметке ие екенін атай отырып, Елбасы– аймақтағы мемлекеттердің бейбітшілігі, қауіпсіздігі мен экономикалық дамуы үшін Орталық Азия мен Оңтүстік Азия мемлекеттері арасындағы байланыстарды нығайтудың өте маңызды екенін түсінетін көреген көшбасшы екенін ерекше атады.
Пәкістан Президенті 2017 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысқанын, сондай-ак халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық пен өзара қолдау көрсетуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Барлыбай Садықов өз кезегінде, Пәкістан Президентін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды экономикалық және саяси реформалармен таныстырды. Бұл тұрғыда іске асырылып жатқан реформалар экономика мен қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталғанын, ол өз кезегінде 2050 жылға дейін Қазақстанның алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді.
Сондай-ақ дипломат, Қазақстан басшылығы аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға тұрақты түрде күш салып жатқанын атап өтті. Биыл қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сенім шараларын нығайту тақырыбына арналған отырысы, сондай-ақ Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері деңгейінде кездесулері өтті. Оңтүстік Азияда тұрақтылықты нығайтуға және Ауғанстанда бейбітшілікті орнатуға қызығушылық танытатын мемлекеттермен Қазақстан тығыз өзара-ісқимылдар орнату мен оны жүргізуге дайын екені туралы мәлімденді. Сондай-ақ, Елші Орталық Азия елдерін Оңтүстік Азияның теңіз порттарына шығуы үшін транзиттік-көліктік бағыттарды дамыту маңызды екеніне тоқталды .
Б.Садықов, Қазақстан тарапының Пәкістанмен екіжақты және көпжақты форматтарда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын екенін атап өтті.