Швейцариялық танымал теннисші Роджер Федерер 500 апта бойы АТР рейтингінің бірінші орнында тұрған жалғыз теннисші ретінде әлем рекордын орнатты. Роджер ең алғаш 2003 жылы ТОП-2 теннисші қатарына кірген болатын. Ал 2004 жылдың ақпан айында әлемнің бірінші ракеткалы теннисшісіне айналып, ол орында 308 апта бойы тұрған еді.
Сондай-ақ Федерер сияқты бірінші орында ең көп тұрған теннисшінің бірі испаниялық – Рафaэль Надаль. Ол 445 аптадан бері әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі ретінде орнын сақтап келеді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»