• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әдебиет 30 Наурыз, 2018

Семейде «Шә­кәрім мұрасы – мәңгілік мұ­ра» атты әдеби телекөпір өтті

1023 рет
көрсетілді

Семейдегі Орталықтан­ды­рыл­ған кітапхана жүйесінде Ел­басының «Рухани жаңғыру» жо­­басы аясында ақын, ойшыл ғұлама Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Шә­кәрім мұрасы – мәңгілік мұ­ра» атты әдеби телекөпір өтті. 

Тебіреністі телекөпірді кі­тап­ханашы Жанар Советқызы жүр­гізіп отырды. Шара бары­сын­да Мұхтар Әуезов атын­дағы педагогикалық колле­дж студенттері ақынға арна­ған жүрекжарды өлеңдерін оқып, даналық пен жауап­кер­­шілікке, адалдық пен мей­ірім­­ділікке үндейтін Шәкә­рім шығармаларынан әр адам сусындап өсуі керек де­ген ойларын ортаға салды. Пав­лодар қаласының Орта­лық­тан­дырылған кітапхана жүйе­сі­нің қызметкерлерімен бір­ле­се өткізілген ауқымды ша­ра көп­шіліктің көңілінен шықты.

– Шәкәрім өзінің шығар­ма­ла­рын ұлы Абай үлгісін өлшем ете отырып жазған. Ғұламаның шығар­малары бүгінгі таңда қазақ қауымының, адамзат ба­ласының рухани қажет­ті­­лігін өтеуге қызмет етіп жа­­­тыр. Біздің мұражай ұлы тұл­­ғаларымыздың қара ша­ңы­рағы болып табы­ла­тын­дық­тан Шәкәрімге деген құр­мет, қазақ халқының рухына, ұлт­жандылығына деген құр­мет деп білеміз, – деді теле­кө­пір ба­рысында Абай қорық мұ­ра­жай­ы- ның ғылыми хатшысы Шы­нар Садықова. 

Раушан Нұғманбек,

журналист

СЕМЕЙ