Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров бастаған делегация БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бітімгершілік мәселелеріне арналған отырысына қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырысқа Нидерланды Премьер-Министрі Марка Рутте мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш төрағалық етіп, 72 елдің делегаттары қатысты.
Шарада Т. Мұхтаров БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік операциялары жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруамен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасының БҰҰ-мен әскери саладағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның бітімгершілік әлеуетінің артып келе жатқанын тілге тиек етіп, салада үлкен тәжірибе жинақтаған өзге елдермен ынтымақтастық жасау тетіктерін атап көрсетті.