Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев көлік және логистика, туризм, инвестициялар тарту және салық салу саласындағы 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы жұмыстарды жандандыру туралы баяндамалары тыңдалды.
Қаржы министрі Б. Сұлтановтың баяндамасында ұсынылған салықтарды жинауды арттыру мәселесі, сонымен қатар мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының есебінде ішкі және сырттан келушілер турзимін, жалпы туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.