• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2018

«Әміре» фильмі көрерменге жол тартты

662 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ пен Әлидар Өтемұратовтың Dar Play компаниясы бірлесе түсірген «Әміре» драмасының тұсаукесері өтті.  

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен экранға жол тартқан фильмде қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың ерте үзілген ән-ғұмырының жарқын да шуақты һәм шытырманға толы қайшылықты өмірі қатар суреттеледі. Аталмыш кинокартина әншінің 130 жылдық мерейтойына орай көрерменімен қауышып отыр.

Жаңа фильмнің тұсаукесеріне орай өткізілген баспасөз мәс­лиха­тында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­ме­диұлы: «Біз бүгін назар­ларыңызға еліміздің дара әнші­сі Әміре Қашаубаев туралы түсі­рілген көркем фильмді ұсы­нып отырмыз. Фильмде Қашау­баев­­тың 1925 жылы Париждегі қай­таланбас сапары туралы сөз етіледі. Сондай-ақ әнші тура­лы елге белгісіз деректер де фильм­де көрініс тапқан. Әміре – бі­рінші болып Еуропада қазақ әнін әуелеткен әнші. Оның тұлға­сы қазақ өнері мен жалпы қазақ үшін аса маңызды» – деп кинотуындының маңызы мен артық­шылығын атап өтті.

Фильмнің ерекшелігі сол – қа­зақ­­тың біртуар пер­зенті, көмейіне бұлбұл ұя сал­ған күміс кө­­мей әншісіне амери­калық ки­но­ ма­ман­дарының қызы­ғу­шылық танытуы болды. Сце­нарийі­нен бастап, актерлік, режис­­серлік жұмысына дейін халық­­аралық мамандардың тең дәре­жеде атсалысуымен туған кино­туындының ұсынылу формасы мен жеткізілу тәсілі, тарихи дерек­тердің сөйлетілуі өзгеше. Сценарий авторы – Бенд­жамин А. Ван дер Вин. Халық­аралық түсірі­лім тобының құра­мында: амери­калық-режиссер Джеф Веспа, оператор – Мак­сим Осадчий сын­ды білікті мамандар бар. Фильм Латвия, Лос-Анджелес қала­ларында, сон­дай-ақ Алматы облы­сының Үш­қоңыр ауылында түсірілді. Бас­ты рөлдерді отандық актерлер: Санжар Мәдиев (Әміре) және Ер­кебұлан Дайыров (Мұс­тафа Шоқай) сомдады. Соны­мен қатар фильм көрермендері бри­тан­дық актер Бен Алдридж бен аустралиялық актриса Эб­би Корништың да тамаша жұмы­сына куә бола алады. Кино­туындыда Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Үш дос», «Дудар-ай», «Бес қа­ра­гер» және тағы басқа әндер орын­далды. 

Ән атасы – Әміре Қашау­баев­тың 130 жылдық мерейтойы­на тұс­па-тұс келген фильм жал­пы­­ұлттық көрсетілімге 2018 жыл­дың 5 сәуірінен бастап шығады деп жоспарлануда.

Назерке ЖҰМАБАЙ, «Егемен Қазақстан»