• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1402

295 рет
көрсетілді

2011 жылғы 30 қараша,  Астана, Үкімет үйі «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы №238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 нау­рыздағы №238 қаулысына (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №13, 93-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бағалардың негізділігін қараған кезде уәкілетті орган: жоспарланып отырған баға жобаларын сол тауар нарығында немесе салыстырмалы тауар нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басқа субъек­тілер белгілеген ұқсас тауарлар (жұ­мыстар, қызметтер) бағаларымен; Субъект қолданатын өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының нормаларын және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нор­маларын мемлекеттік басқарудың тиісті сала­сына (аясына) басшылықты жүзеге асы­ратын мемлекеттік орган бекіткен тиісті са­лалық нормалармен немесе салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін субъектілер қолданатын нормалармен са­лыс­тыру жолымен; Субъект персоналының еңбегіне ақы тө­леуге арналған шығыстарды салыс­тыр­малы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін нарық субъектілерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындармен; Субъект бағаларының ұлғаюына әсер ететін басқа да шығыстарға салыстырмалы талдау жолымен сараптама жүргізеді.» 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.