Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Анатолий Сергеевич Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен; Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды», - делінген Жарлық мәтінінде.