• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2018

Колонияға жаңа көзқарас қажет

212 рет
көрсетілді

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныймен бірге Алматы облысының Жауғашты кентіндегі (ЛА-155/4) әйелдер колониясына барды.

Бұл түзеу мекемесі – аума­ғын­да бала­лар үйі орналасқан Қазақ­стан­дағы қыл­мыстық-атқару жүйе­сіндегі жал­ғыз мекеме болып табылады. Бас бос­та­н­дығынан айы­ру орындарында жас балалардың болуы бүгінде қоғам­дық пікір­таластың тақырыбы болып отыр. Аталған сапар осы жайт­қа қа­тысты мәселелерді зерделеу мақ­­сат­ында ұйымдастырылды. Бұл орай­­да балалар үйін түрме аумағы­нан шығару, сондай-ақ жүкті әйел­дер­ге және кішкентай балалары бар әйел­дерге жазасын кейінге шегеруді қам­та­ма­сыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.

Мекемедегі сотталған аналармен және әкімшілік қызметкерлерімен өткізілген әңгімелесулер ананың баласынан ажырауы біржолата теріс салдарға әкелуі мүмкін деген көзқарасты растады. Себебі табиғи және қажетті тұрақты байланыс анаға жан-жақты оң әсерін тигізеді және баланың толыққанды дамуы үшін қажетті алғышарттар жасайды.

Бостандығынан айырылған әйел­дің өтініші туралы БҰҰ-ның жалпы­ға бірдей танылған стандарттарына сәйкес (Н.Манделаның ережесі және Бангкоктік ереже) баланы түрмеде ата-анасының бірімен бірге қалдыру туралы шешім баланың мүдделеріне негізделуі тиіс.

Шетелдердің тиісті тәжірибесін талдау нәтижесі бас бостандығынан айыру орындарында ана мен пер­зентінің қарым-қатынасын бала бел­гі­лі бір жасқа толғанға дейін олар­дың бірлесе өмір сүруін қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл тұрғыда баланың жалпы дамуына және оның әлеуметтенуіне қатысты бірқатар мәселелерді, атап айтқанда әкесі мен басқа жақын туыстарына баланы анасының келісімімен мекемеден белгілі бір мерзімге алып тұру құқығын беру мәселелерін қарастыру жөн екендігі айтылуда.

Жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдерге жазасын өтеуін шегеруді қолдану бөлігінде, қолда бар мән-жайларды жан-жақты ескере отырып, әрбір жағ­дайға байланысты жеке көз­қарас қажет. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, қолданыстағы халықаралық тәжі­ри­беге ұқсас, бұл шаралар сот­тал­ған­дарға ауыр немесе аса ауыр қыл­мыстар үшін қол­данылмайды.

Жоғарыда айтылған мәселелер негі­зінде уәкілетті мемлекеттік орган­­дарға жіберілетін бірқатар ұсы­ныстар әзірленді.