• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 05 Сәуір, 2018

Бес әлеуметтік бастама – ел мүддесін көздеген қадам

368 рет
көрсетілді

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының берекесін бар­лық ел сезінетін күн алыс емес. 

Мен оқу орнының басшысы ретінде Президенттің ипотекалық несиенің пайыз­дық өсімін төмендету, алғаш­қы жарна көлемін азайтуға байланысты бастамаларын ерекше атап өткім келеді. Біз­дегі көптеген жас мұғалім­дер, өндірістік оқыту шебер­лері алғашқы кездері азғантай еңбекақымен отбасын асырап, жатақхана немесе жалдамалы пәтерлерді жағалап жүретіні шымбайыма бататын.

Президент республика­лық орташа жалақыдан төмен еңбекақы алатын техникалық қызметкерлеріміз, лаборанттарымыз, тіпті қарауылдарымызға дейінгі санаттағы топтың да мүддесіне сай келетін бастамаларды көтерді. Егер табыс салығы төмендетілсе, олардың жалақылары жоғарылап, табысы сәл де болса көбейер еді.

Мені Елбасының жоғары білім алуға бөлінетін гранттар саны көбейтіліп, сапасы­на мән берілетіні тұрғы­сын­­дағы бастамасы шын қуант­ты. Бұл бас­тама алғыр, үздік оқу­шы­лардың сыртқа кету­іне тоқтау болары сөзсіз. Пре­зи­дент­тің төртінші бастамасы да білім саласына тікелей байланысты. Қолына дипломын алған түлегіміз шағын несие де алып өз кәсібін бастап жатса, арман­дарының орындалуы­на бір табан жақындай түсер еді.

Депутат ретінде елімізді газ­дан­дырудың кешенді ба­ғдар­ла­масын да қос қолдап қолдаймын. Әсіресе ауыл жастары туған жерінде түтін түтетіп, алысқа арман қуып кетпеуші еді.

Сайып келгенде, әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру ел­дің ынтымағына, тұрақтылы­ғы мен Қазақстанның тұтас­тай дамуы­на оң ықпал етеріне сенемін.

Марат ЖҰРҚАБАЕВ,

Қостанай қалалық мәслихатының депутаты