• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2018

1 мамырда Астанада ІІ халықаралық «Бау­ыржан Fest» әзіл фес­ти­валі өтеді

1236 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт ми­нис­трлігінің қол­дау­ы­мен 2018 жылғы 1 мамыр кү­ні Астана қаласының 20 жыл­дығын мерекелеу аясын­да ІІ халықаралық «Бау­ыржан Fest» әзіл фес­ти­валі өтеді.

 

«Қазақстан» Орталық концерт залы сахнасында танымал әрі өз елінде ғана емес, әлемге әйгілі әзіл жанрының әртістері жиналады.

Халықаралық әзіл мере­ке­сіне Ресей, Қытай, Украина, Өз­бек­стан, Армения, Қыр­ғыз­стан сияқты мемлекеттерден 30-ға жуық тапсырыс түсті. Фестивальдің ерекшелігі – қойы­лымдардың әзіл, паро­дия жанрында, миниатюра тү­рін­де қазақ, орыс және басқа да тілдерде орындалуында. Дәс­түрге айналған «Бауыржан Fest» фестивалінің эксклюзивті фор­маты өз көрерменін табады деп сенеміз. Халықаралық әзіл мерекесі әртүрлі жастағы, ұлты мен діні бөлек адамдарды, шығармашылығы бір, әзілсүйгіш жандарды бір шаңырақ астына жинайды.

Әзіл фестиваліне эстрада жұлдыздары Елена Воробей мен Андрей Баринов, Владимир Мои­сеенко мен Владимир Дани­лец, Карен Аванесян мен Обид Асомов, Атыраудан «Ара Атырау», Шымкенттен «Шан­шар», Ақтөбеден «Екі езу», Ал­матыдан «Бауыржан шоу», «Тамаша», «Ду-Ду» және «ТТТ» театрлары өздерінің жаңа әзілдік нөмірлерімен қатысады.

ІІ Халықаралық «Бауыр­жан Fest» фестивалінің жеңім­паз­да­рын марапаттау аталымдары Қазақстанның сатира жан­ры­ның құрылуы мен дамуына зор үлес қосқан, қазақ әзіл жан­рының майталмандары, «Та­маша» театрының тарландары, еліміздің әзілкеш әртістері, мә­дениет қайраткерлері, са­тира және әзіл жанры мә­тіндерінің авторлары, жазушы­лар мен ақындар құрметіне ар­нал­ған.

Фестивальде «Оспанхан Әубәкіров атындағы арнайы жүлде», «Садықбек Адамбеков атын­дағы «Тапқырлық» жүл­десі, «Шона Смаханұлы атын­дағы «Шоқ тілді» жүлдесі, «Мей­ір­ман Нұрекеев атындағы үз­дік әртістік жұмыс», «Ұлық­пан Есенов атындағы үздік музы­ка­лық нөмір», «Марат Са­қатов аты­н­дағы үздік сцена­рий», «Уайыс Сұл­танғазин атын­дағы үздік образ», «Жарас­қан Әбдірашев атын­дағы ү­зд­ік монолог», «Тоқсын Құ­лыбеков атындағы көрер­мен­дер көзайымы», «Құдай­берген Сұл­­танбаев атын­дағы «Үміт» жүл­­де­сі» секіл­ді аталым­дар бой­ын­ша жеңімпаздар анық­та­лады. ІІ халықаралық «Бауыржан Fest» фестивалі Қазақстан хал­қы­ның достығы мен бірлігі күні жар­қын оқиғаға айналады деп се­неміз. 

Мерей Ділдабаев