• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2018

Бастамалардағы басымдық

298 рет
көрсетілді

Елбасымыз Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті палата­лары­ның біріккен отырысында бес бастаманы алға тартты. Аталмыш бес бастаманың бар­лығы да қарапайым халыққа яғни әлеу­меттік салаға бағытталған. 

Егер онда көрсетілген жұ­мыс­­тар уақтылы және толық­тай жүргізілсе, Отанымызда оң өзгерістер көп болмақ. Мысалы, қазір халықтың басым бөлігі мемлекеттен тегін баспана алуға кезекте тұр. Менің ойымша, қол қусырып күтіп отырғанша, халықтың өз бетінше әрекет етуін жетілдіру қажет. Осылайша, Президенті­міз атап өткен «7 – 20 – 25» бағдар­ламасы бүкіл елге қажет­ті бастама деп білемін. Әлем­­дегі кез келген елде өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мұндай бағ­дар­лама мен жеңілдіктер қарас­тырылмаған. 

Қазақстан – жас мемлекет ретінде әрбір азаматы үшін қол­дан келген жақсылығын жа­сап, басқа қатарлас, көрші­лес мемлекеттермен салыстыр­ғанда, оқ бойы озық шығып отыр.

Әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, өз резиденттеріне арналған ипотека бойынша ең төменгі мөлшерлеме Жапо­ния, Швейцария, Финляндия, Германия, Люксембург сынды көптеген дамыған елдердің тәжірибесінде кездеседі. Бұл мемлекеттерде тұрғын үй­дің бағасы қымбат болғандық­тан, оны сатып алу халыққа қиындық туғызады. Осыған қарамастан, ипотекалық кредит алуға төменгі пайыздық мөлшерлемелер мен төлеудің ұзақ мерзімдері бекітілген. 

Менің пікірімше, біздің Үкі­мет те жоғарыда аталған мем­ле­кеттердің тәжірибесін басты назарда ұстап, еліміздің қазір­гі экономикалық жағ­дайына орай халыққа қолайлы шарт­тарды ұсынуға тырысып отыр. Әрине ел азаматы ретінде, мені жоғары лауа­зым­дағы тұл­ғалардың қара­пайым халық­тың жағдайын ойлауы және олардың өмірін жақсар­туға талпынғандығы бек қуан­тады. Жақын арада тұрғын үй­мен қамтылған бақытты отба­сылардың саны бірнеше есе өседі деп үміттенемін. 

Жәмилә МЕҢДІБАЙҚЫЗЫ,  «Күміс алқа» иегері 

Маңғыстау облысы