• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2011

Көркейген көкжыра

438 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстанның» арнайы жобасы: Жасампаздық жемістері

Жиырма жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Егемен Қазақстан» газеті осындай өркенді өзгерістерді бейнелейтін материалдарды тұрақты жариялап тұрады.   Төменде Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Көкжыра ауылынан фоторепортаж беріліп отыр. Апат айтып келмейді. Барыс жы­­лы кенді алтайлықтардың есінде ұзақ уақыт сақталар. Қар мөлшері жыл­­­дағыдан төрт-бес есе қалың түсіп, қатты аяз, көктемде күн күрт жы­­­лыған кезде Тарбағатай ауданының Көкжыра, Жантекей, Көктүбек, Ойшілік, Шорға, Қызылкесік, Зайсан ау­данының Тасбастау, Күршім ауда­­нының Маралды, Күршімде 540 үй қирап, 1300 үйді су алып, жарамсыз болып қалды. Төрт мыңнан астам ірі қара, 19 мыңнан астам қой-ешкі, 650 жылқы опат болды. Осынау сын сәт­те зардап шеккен ауданның тұр­ғын­дары сабырлылық сақтап, Елбасы мен Үкіметтен, өңір басшысы Б.Сапарбаевтан үміт күтті. Үміт алдамады. Ең алдымен, Ел­ба­сы Н.Назарбаев тиісті министрліктер мен облыс басшысын жинап алып, шұғыл жиын өткізді. Ол сын сәтте көмек көрсететіндерін, қазірдің өзін­де алғашқы транштың кеткенін мә­лім етті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Тө­­тенше жағдайлар министрі В.Божко, тағы басқалар бірнеше аудандағы су басқан ауылдарды өз көздерімен көріп қайтты. Техника, қажетті жабдық­тар, уақытша тұратын шатырлар жеткізілді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев бел шешпей, етігімен су кешіп, ау­дан­дарды аралап, қолдан келген көмек­те­рін жасады. Қала әкімі, штаб бас­т­ы­ғы Ислам Әбішев те апат аймағынан шықпай, сын сәтте қиындықтарды ауыл тұрғындарымен бірге бөлісті. Арада төрт-бес айдан кейін қиын­дықтардың бәрі артта қалды. Өткен жылдың қыркүйегінде Елбасы Н.Назарбаев Тарбағатай ауданының Көк­жыра ауылына келіп, жаңадан са­лын­ған тұрғын үйлерді аралап көрді, ауыл тұрғындарымен емен-жарқын әңгі­ме­лесті. Ең алдымен сіздерді жаңа үй­лерге қоныстануларыңызбен құттық­тай­мын. Біз далада қалдырмаймыз деп уәде бергенбіз, соны орындадық. Ал малды екі пайыз жеңілдікпен ала­сыздар, енді мына сәнді үйлердің жа­­нынан стандарт талабына сай қора-қопсы салыңыздар, үй маңы ағашқа малынып тұрсын. Мен көпшіліктің ал­­­дында облыс әкімі Бердібек Мәш­бек­ұлына алғысымды айтқым келеді. Ол өзіне тапсырылған істі абыроймен атқарып шықты, сын сәтте сіздермен бірге болды, деді Елбасы сол кездесуде. Елбасына Социалистік Еңбек Ері Қазыбек Демеубаев ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді. Дәрігерлік амбу­латорияның бас дәрігері Жәміш Биғазина заман талабына сай жаб­дықталған дәрігерлік жабдықтарды көрсетті. Бұдан кейін Елбасы Н.Назарбаев Ғ.Омаровтың үйіне кіріп, дәм татты. Ауыл тұрғындарымен ескерткіш суретке түскен соң Нұр­сұлтан Әбішұлы құрылысшылар мен сын сәтте ерлік көрсеткен азамат­тарға алғысын білдірді. Жақында Көкжыра ауылында бо­лудың сәті түсті. Айта кету керек, Көкжырада – 210, Жәнтікейде – 191, Көктүбекте – 24, Ойшілікте – 8, Шор­ғада – 7 тұрғын үй, бірнеше көпір салынып, жолдар жөнделді. Барлығы аталмыш ауылдарда 443 тұрғын үй бой көтерді. Үй болғанда қандай, сән­ді де сапалы, қора-қопсылар стан­дарт­қа сай үйдің артында салынған. Ағаштар отырғызылып, асфальт тө­селген үйлерде, көшелерде электр шамдары самаладай жарқырайды. Ауыл тұрғындарының Елбасына алғысы шексіз – дейді Тарбағатай ауда­нының әкімі Ерлан Текешев. 600 ор­ын­дық орта мектепті «Елхон» фирмасы сапалы етіп салып берді. Сонымен бірге, жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігінің жетекшісі (ПМК «Құры­лыс»), бас мердігер, жергілікті жердің тумасы Қайрат Нәбиевке алғысымыз ерекше. Ол осындағы құрылыстың негізін салып берді. Пошта үйі, әкім­ші­лік ғимараты, мектеп жанындағы бо­­та­ни­калық саябақ та көз тартады. Жы­лыжай таяу күндері іске қосыл­мақ. Мәдениет үйін салып беру де ойда бар. Қазір Көкжыра ескі, жаңа ауыл болып екіге бөлініп отыр. Бо­ла­­шақта барлығы осы жерге қоныс ау­дар­мақ. Сөз реті келгенде айту керек, өткен жылы Кенді Алтайда жаңадан үш ауыл бой көтерді. Үшіншісі, орал­­ман­­дар­ға арналған жаңа ауыл. Қазір ол жерде бес жүзге тарта тұрғын үй, мектеп, әлеуметтік ғимараттар бар.