• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2011

Ақпарат алмасу арнасы

605 рет
көрсетілді

Кеше ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ТМД-ға қа­ты­сушы мемлекеттердің құ­қық қорғау органдары ор­та­лық ақпарат қызметі басшы­ларының кеңесі өтті. Оған Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина мемлекеттері құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Бұл күнде ТМД елдері құқық қорғау орган­да­ры­ның өзара ақпарат алмасуы өте маңызды келісім болып табылады. Өйткені қазіргі ха­лықаралық тығыз ынтымақ­тас­тық жағдайы құқық қорғау органдарына да жүйелі бай­ланыста жұмыс істеп, әсіресе қажетті ақпарат алмасуда қа­рым-қатынастардың заң­ды­лы­ғын реттеудің маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Осы орайда жоғарыда аталған мемлекеттер өкілдері бас қосқан кеңесте «Халықаралық ақ­парат банкін қалыптастыруды ұйымдастыру жөніндегі кезекті шаралар мен ақпаратты электронды түрде алмасу» тақырыбы талқыланды. Мұн­дағы негізгі мақсат өзара ақ­парат алмасуда оның пәрменді тетігін жетілдіру үшін шұғыл мәліметтер жеделдігін қам­та­масыз ете алатын техно­ло­гияларды пайдалана отырып, ТМД елдерінің осы заманғы толыққанды ақпараттық-құ­қық­тық кеңістігін жасау болып табылады. Бұл туралы кеңеске қа­тысушылар алдында Қазақ­стан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев, Ішкі істер министрі Қал­мұ­ханбет Қасымов, Ресей Фе­де­рациясы Ішкі істер министр­лі­гінің Бас ақпараттық-талдау орталығының басшысы Павел Важев сөз сөйледі. Олар мұн­дай оңды қадамның дұрыс­тығын және ортақ қолжетімді ақпараттық-құқықтық кеңіс­тікті құру әр мемлекеттің талап мүддесінен табылатынды­ғын ортаға салды. Қатысу­шы­лар назарына қылмыспен кү­ресті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің қазақстандық тәжірибесі, ҚР Бас про­ку­ра­турасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жө­ніндегі комитетінің құқық қор­ғау органдары жұмысы­ның нәтижелілігін көтеруге бел­сенді ықпал етуге бағыт­талған инновациялық жоба­ла­рының енгізілу барысы ұсынылды. Александр ТАСБОЛАТОВ.