• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2011

Журналистер марапатталды

459 рет
көрсетілді

Астанадағы «Дипломат» қо­нақ үйінде Тәуелсізді­гі­міз­дің 20 жылдығына орай «Қа­зақстан мемлекеттілігінің қа­лып­тасуы мен дамуы» атты тақырыпқа арналған журналистер мен фототілшілер ара­сындағы шығармашылық бай­қау­дың жеңімпаздары мара­патталды. Аталған іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, журналистика саласындағы про­фес­сор-ғалымдар, министрлік­тер­дің жауапты мамандары, бұ­қаралық ақпарат құралдары­ның өкілдері қатысты. Жиында Байланыс және ақ­парат министрі Асқар Жұ­ма­ғалиевтың құттықтау хатын министрліктің жауапты хат­шысы Қайрат Әбсаттаров оқып берді. Сондай-ақ ол Қа­зақстанның саяси тұрақты­лы­ғын, экономикалық табыс­тар­ға жетуін, елдің әл-ауқатының айтарлықтай жақсаруын жан-жақты насихаттауда журналистер қауымының үлесі орасан зор екендігін атап өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткізіл­ген «Қазақстан мемлекеттілі­гі­нің құрылуы мен дамуы» атты шығармашылық байқау­дың нәтижесінде «Егеменді Қазақстанның тарихына ар­нал­ған үздік авторлық фотоматериал» аталымында – ҚР Премьер-Министрінің фототілшісі Шүкір Шахай; «Қа­зақ­станның экономикалық жетістіктерін (экономикалық ре­фор­маларды жариялау) көр­се­тетін ең үздік мақала» ата­лы­мында – «Қазақстан-Заман» еларалық газетінің тілшісі Жадыра Мүсілімова (қазақ тілінде) және «Нарық әлемі» газетінің тілшісі Қалмұрат Дәу­летбаев (орыс тілінде); «Еліміздегі саяси жаңартулар бойынша үздік мақала» ата­лымында – «Тәуелсіздік және демократия» мақаласы үшін (қазақ тілінде) белгілі ғалым, профессор, «Мысль» журна­лы­ның тілшісі Әбдеш Қал­мыр­заев және «Белес» мақа­ла­сы үшін (қазақ тілінде) «Жас қазақ» респуб­ли­ка­лық газетінің жауапты хат­шы­сы Ағабек Сыдықов; «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» ата­лымында – «Ақиқат» ұлт­тық қоғамдық-саяси журналы; «Тәуелсіз Қазақстанның гүл­де­нуіне арналған қазақ тіліндегі ең үздік телевизиялық жо­ба» аталымында – «Қазақ­стан. Менің елім» бағдар­ла­ма­сы үшін тележүргізуші, «Қа­зақстан» телеканалының «Апта.kz» ақпараттық-талдау бағ­дарламасының шеф-редак­то­ры, Л.Гумилев атындағы журналистика факультеті телерадиожурналистика және қо­ғам­мен байланыс кафедрасының доценті Қанат Әуесбай және «Жасампаздықтың 20 жылы» фильмі үшін «Қазақстан- Қарағанды» телеарнасының те­лебағдарламаларды дайын­дау бөлімінің бастығы Әшім­хан Жанпейісов; «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне ар­налған орыс тіліндегі ең үздік телевизиялық жоба» ата­лы­мында – «Великая мечта» деректі фильмі үшін Қазақстан Президентінің Телерадио кешені жеңімпаз болды. Жеңімпаздарға жүлделерді – Ғаділбек Шалахметов, Сұл­тан Оразалин, Намазалы Омашев, Уәлихан Қалижан, Сауыт­бек Абдрахманов, Татьяна Костина, Қайрат Әбсат­таров, Әлтайыр Уызбаев пен Марат Әбсаттаров табыстап, алдағы уақыттарда да жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді. Берік САДЫР.