Мемлекет басшысы Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефлиқаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Алжирдің Буфарик қаласы маңында жүк тасымалдайтын әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін, – делінген жеделхатта.