• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Сәуір, 2018

Қостанайда суретші Әнуар Сәпиевтің дербес көрмесі ашылды

286 рет
көрсетілді

Көрменің ұйымдастырылуы суретшінің  50 жасқа толған мерейжасына орайластырыпты. Оған Әнуар Сәпиевтің соңғы жылдары салған 47 жұмысы қойылған.

Көрменің ашылуына қостанайлық суретші әріптестері, жастар, өзі қызмет етенін Қостанай мемлекеттік педагогикалық  университетінің оқытушылары мен студенттері  келді. Ол сонымен қатар І.Омаров атындағы  қазақ драма театрындағы қойылымдарға атсалысады.

«Көрмеге соңғы екі жылда  жазған шығармаларымды қойдым. Онда өлкенің табиғатын, тарихын, қала көркін, өмірдің этюдтерін алып шықтым.  Сол арқылы туған жерге деген париоттық сезіміиді көрсеткім келді» дейді суретші. Көрменің ащшылуында белгілі суретші Николай Торшин  суретшіні құттықтай отырып,  оның шығармаларына шолу жасады. Өзінің алдағы уақытта ескеретін сын-ескертпелерін де айтты. Оның айуынша, суретші ешкімді қайталамауы тиіс,  тарихи тұлғаны салса да, табиғатты көрсеткісі келсе де өз ерекшелігін көрсеткені жөн екенін айтты.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай